Қызылордада оқушы өліміне күдікті 17 жастағы жасөспірім ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында тоғызыншы сынып оқушысының өліміне алып келген ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды.

 Қызылордада оқушы өліміне күдікті 17 жастағы жасөспірім ұсталды
Фото: pexels.com

Бұл оқиғаны Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растап, төмендегіше түсініктеме берді.

- Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аталған қылмысқа қатысы бар тағы екі адамға қатысты бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оларға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жасөспірімнің өліміне себепші болған оныншы сынып оқушысына қатысты сот үкімі шықты.

 

Соңғы жаңалықтар