Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылордада сайлаушыларды робот қарсы алды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Республикалық Құрылтай сайлауында Қызылорда қаласындағы № 200 сайлау учаскесінде сайлаушыларды робот қарсы алды. Бұл туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады. 

Қызылордада сайлаушыларды робот қарсы алды
Фото: Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Заманауи технология элементі ретінде енгізілген робот келушілерге Құрылтай сайлауы туралы қысқаша ақпарат беріп, дауыс беру тәртібі жөнінде мәлімет ұсынды. 

Қызылордада сайлаушыларды робот қарсы алды
Фото: Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

— Робот көмекші балаларымен бірге дауыс беруге келген сайлаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. С. Толыбеков атындағы № 3 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде 1103 сайлаушы дауыс беруге құқылы, — делінген хабарламада.

Қызылордада сайлаушыларды робот қарсы алды
Фото: Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Айта кетейік, өңірде 386 учаске құрылып, 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарып жатыр. Аймақта 500 591 азамат дауыс беру құқылы.

Ал Ұлытау облысы, Ұлытау ауданындағы № 123 сайлау учаскесінде келушілерді ерекше кейіпкер — Ұлытаудың табиғи болмысын бейнелейтін «Ұлар» құсы қарсы алды