Қызылордада техникалық регламентке сай таңбаланбаған өнімдер саудадан алынды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде өткен жылы 3 әкімшілік іс қаралды. 1 млн 288 мың теңгеге жуық айыппұл бюджетке өндірілді. 39 жеке меншік медициналық орталық және зертханаға өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң талаптарының бұзылуы бойынша ұсыныстар берілді.

Техникалық регламентті бұзғандарға 200 млн теңгеге әкімшілік іс қозғалды – комитет
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

- «QazCem» цемент және бетон өндірушілер ассоциациясынан техникалық регламенттер мен нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін цемент өнімі туралы арыз түсті. Арызға сәйкес «Али-Асқар Құрылыс» серіктестігінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде әкімшілік іс қозғалып, 383 мың теңгеден астам айыппұл салынып, таңбалануы бойынша техникалық регламентке сай келмейтін цемент өнімін сатуға тыйым салынды. Жанар-жағармай құю бекеттерінде бензинді кем құю туралы 1 арыз-шағым түсті. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде метрологиялық бұзушылықтар анықталып, «Новая АЗС» серіктестігіне әкімшілік айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды, - деді департамент басшысы Бауыржан Қарсақбаев. 

Мамандар бензин, мотор майы, тұрмыстық электр тауарларының үлгілерін сатып алып, сынақтан өткізді. Сынақ қорытындысы соның 3-і, яғни Қытайда шығарылған «Tri Tower», «Arshia» үтіктері мен «Abesen Q» электр шәйнегінің таңбалануы техникалық регламент талабына сәйкес келмейтінін көрсетті. Өнімдерді айналымнан алу туралы қаулы қабылданды.

- Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде 4 түрлі өнімнің сәйкестік декларацияларының күші жойылды. Олар — «Al-hayat», «Балқия» түйіршіктелген қара шәйі, «Балтыс» тартылған еті және "Al Tamir tea" түйіршіктелген қара шәйі, - деді департамент басшысы. 

Бұған дейін біз «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС Қазақстан аумағында сақтық шарасы ретінде балалар тағамының шектеулі партияларын ерікті түрде кері қайтарып жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар