Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылордадағы орны анықталмаған сібір жарасының көмінділері реестрден алынуы мүмкін

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында сібір жарасының 57 көміндісі бар.

Алматы облысында сібір жарасы көмілген қорым үстінде үйлер салынып жатыр ма
Фото: Жетісу облысы Көксу ауданының әкімдігі

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, олар талапқа сәйкес бетонмен қоршалып, қауіпсіздік белгілері қойылған.

- Мемлекеттік жер кадастрлық нөмірлері алынып, 32,2 млн теңгеге санитарлық қорғаныш аймағы белгіленді. Орны анықталмаған 7 көміндіні анықтау мақсатында жұмыс тобы құрылып, Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының ғалымдарымен бірге тиісті жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мұрағат қорынан эпизоотиялық деректер, елді мекендердегі көнекөз қариялар мен ветеринария саласының ардагерлерінен түсініктеме алынды. Нәтижесінде координаттары нақтыланбағаны, расталмағаны туралы қорытынды акт жасалып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне көмінділерді реестрден алу туралы ұсыныс берілді, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚР Үкіметі 2026 – 2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекіткенін жаздық.