«Қызылжар» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Беларусьтік Виталий Жуковский «Қызылжар» футбол клубының жаңа бас бапкері атанды.
Өз мансабында ол футболшы ретінде өз елінің БАТЭ футбол клубымен Беларусь кубогын жеңіп, чемпионаттың күміс жүлдегері атанған.
Бапкерлік қызметінде «Ислочь» командасын Жоғары лигаға шығарып, ел тарихындағы ең жас бас бапкер атанды. Оны қазақстандық жанкүйерлер «Атыраумен» бірге Қазақстан кубогының финалына дейін жеткенін жақсы біледі.
Бас бапкермен бірге командаға жаңа мамандар қосылды. Олардың қатарында еойын жүйесін құруға бапкердің көмекшісі Павел Плют, дене даярлығына жауапты Андрей Мисюк және бапкер-аналитик Біржан Хабит бар.
Айта кетсек, бұдан бұрын петропавлдық клубта бас бапкер болған сербиялық Милич Чурчич қызметінен кетті. Ол 2025 жылыдың сәуір айында команда тізгінін қолға ұстаған еді.
Қазір «Қызылжар» 17 ойыннан кейін 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орында келеді.