Қаза тапқан, мүгедектік алған медицина қызметкерлерінің балаларына қандай жеңілдік бар

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қызмет бабымен қаза тапқан, мүгедектік алған медицина қызметкерлерінің балаларына қандай жеңілдіктер берілетінін айтты.

«Саламатты жаз-2025» акциясы: 183 мыңға жуық бала медициналық қарап-тексеруден өтті
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

— «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар жас мамандар көтерме жәрдемақы, ең төменгі пайыздық мөлшерлемелі тұрғын үй несиесі, еңбекақыға қосымша төлемдер және әртүрлі әлеуметтік қолдау түрлерін алып жатыр. Соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды басым тәртіппен беру, қаза тапқан немесе мүгедектік алған медицина қызметкерлерінің балаларын ЖОО-ға конкурссыз қабылдау, жол жүру шығындарын өтеу сияқты елеулі жеңілдіктер бар, — деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол ауылдарда тапшы медицина мамандарына 8,5 млн теңгеге дейін біржолғы төлем берілетінін еске салды.

— 2024 жылдан бастап ауылдық елді мекендерге жұмысқа келетін өткір тапшылық мамандықтары бойынша медицина қызметкерлеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде (8,5 млн теңге) біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма енгізілді, — деді Тимур Мұратов.

Бұған дейін қайтарылған активтер қорынан 5,6 млрд теңге Абай облысында медициналық нысандар салуға жұмсалатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар