Клубтар арасындағы ӘЧ: «Атлетико Мадрид» жарыстың келесі сатысына шыға ала ма

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында бүгін, 23 маусымнан 24-не қараған төрт ойын өткізіледі.

«Атлетико Мадрид» жарыстың келесі сатысына шыға ала ма
Фото: Сhampionat.com

Алдымен қазақстандық уақытпен 00:00-де D тобында Италияның «Атлетико Мадрид» (Испания) мен «Ботафого» (Бразилия), «Сиэтл Санудерс» (АҚШ) пен «Пари Сен-Жермен» (Франция) командалары кездеседі.

Екі турдан кейін «Ботафого» алты ұпаймен көш басында тұр. Одан кейінгі орындарды «Пари Сен-Жермен» мен «Атлетико Мадрид» үш ұпаймен өзара бөлісіп тұр. Ал «Сиэтл Санудерс» командасының қоржыны бос.

Сондай-ақ А тобында сағат 06:00-де «Интер Майами» (АҚШ) мен «Палмейрас» (Бразилия), «Порту» (Португалия) мен «Аль-Ахли» (Египет) шеберлік байқасады.

23 маусымда G тобында англиялық «Манчестер Сити» Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Айн» клубын 6:0 есебімен жеңсе, Италияның «Ювентусы» Марокконың «Видад» клубынан 4:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ H тобында испаниялық «Реал Мадрид» Мексиканың «Пачука» командасын 3:1 есебімен жеңсе, аустриялық «Ред Булл Зальцбург» Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубымен 0:0 есебімен тең ойнады.

Әлем мемпионатының жүлде қоры 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі.

Доп додасында 32 команда сынға түседі. Командалар 8 топқа бөлінді. Әр топта 4 клубтан ойын көрсетеді, олардың екеуі плей-офф кезеңіне шығады.

Соңғы жаңалықтар