Кляйннің «Көк шаршысы» Christie’s аукционында 18 млн еуроға сатылды
АСТАНА. KAZINFORM — Француз суретшісі Ив Кляйннің монохромды туындысы Christie’s аукционында рекордтық 18,4 миллион еуроға сатылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Сөз болып отырған шығарма — «Калифорния» атты картина, оны Кляйн 1961 жылы Парижде салған және алғаш рет аукционға қойылып отыр.
Полотноның биіктігі екі метрге жуық және ені төрт метрден асатын біртекті көк түсті тікбұрыш. «Калифорния» суретшінің шығармашылығындағы ең маңызды жұмыстардың бірі болып саналады. Бұл картина соңғы рет көпшілік назарына 2005–2008 жылдары Нью-Йорктегі Метрополитен музейінде ұсынылған еді. Сатып алушының аты-жөні жария етілмеген.
Сондай-ақ Францияда өткен тағы бір аукционда Пабло Пикассоның бұрын көпшілікке беймәлім болған картинасы сатылды. Drouot аукцион үйінің хабарлауынша, суретшінің «Гүлді қалпақтағы әйелдің бюсті» атты еңбегі 32 миллион еуроға бағаланған.
Бұл туынды 1944 жылдан бері жеке коллекцияда сақталған және 80 жылдан астам уақыт бойы көпшілікке көрсетілмеген. 24 қазанға дейін ол тек фотосурет пен қара-ақ репродукция арқылы ғана белгілі болған.
Айта кектейік, бұған дейін алғашқы басылымдағы «Хоббит» кітабы аукционда рекордтық бағаға сатылды.
Ал Майкл Джексонның шұлығы аукционда 6200 еуроға сатылды.