ҚМА танымал блогерге мемлекетаралық іздеу жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржылық мониторинг агенттігі andersonchik1 лақап атымен танымал блогер, Қазақстан Республикасының азаматы танымал Ювашев Ильяр Салаватовичке іздеу жариялады.

Известный казахстанский блогер объявлен в международный розыск
Фото: freepik

ҚР қаржылық монитринг агенттігінің хабарлауынша, ол еліміздің аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, И.С. Ювашев 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде mellstroy.gamе ресурсы да бар.

Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

-Іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауларыңызды сұраймыз,-делінген хабарламада.

Осыған дейін ерлі-зайыпты блогерлер ісі бойынша тергеп-тексеру аяқталғаны туралы жаздық.