КО комиссиясы Сертификаттау және сынақ зертханалары органдарының бірегей тізілімін бекітті

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Кеден Одағының комиссиясы КО Сертификаттау және сынақ зертханалары органдарының бірегей тізілімін бекітті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

КО комиссиясы Сертификаттау және сынақ  зертханалары органдарының бірегей тізілімін бекітті

Бұл өнімнің қауіпсіздігін растайтын сертификаттар беретін субьектілердің бірегей тізімі, ол сонымен қатар Кеден одағы аумағында бірегей нысанда болады.

«Бірегей нысан қазақстандық тауар өндірушілерге өз өнімдерін Кеден одағы елдерінің рыногына, ол дегеніміз, Ресей мен Беларуське қайталама сертификаттау мен сынақсыз жеткізуіне негіз бола алады. Бұл күрделі келісім, ол біздің қазақстандық тауар өндірушілерге қайталама сертификаттау, сынақтар және тағы басқаларға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік бермек», - деп хабарлайды баспасөз қызметі Кеден одағы комиссиясы жанындағы Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану және үйлестіру комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетовтың ақпаратына сілтеме жасай отырып.