Қоғам қайраткері Исатай Әбдікәрімовтің атына мектеп беріліп, кеудемүсіні ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Социалистік Еңбек Ері, белгілі қоғам қайраткері Исатай Әбдікәрімовтің 90 жылдығына орай Жаңакорған ауданы Қожакент ауылындағы орта мектепке оның есімі беріліп, кеудемүсіні ашылды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, Исатай Әбдікәрімовтің ел алдындағы атқарған істері мен өнегелі өмірі жайлы кеңінен тоқталып өтті.

Киелі Сыр топырағында дүниеге келіп, Ұлы Отан соғысынан от кешіп оралған Исатай Әбдікәрімов майданнан кейін ел тұрмысын түзеу жолында аянбай еңбек етті.Ол Шиелі, Қармақшы, Жалағаш аудандық партия комитеттерінде қызмет етіп, шаруашылықтың сан саласында жүріп шыңдалды. 1962 жылдың соңында Жалағаш пен Қармақшы аудандары қосылып, оны Исатай Әбдікәрімов басқарды. Мұнан соң облыстық партия комитетінде, кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы болып тағайындалды. Қай қызметте жүргенде де өзінің қайраткерлік қабілетін көрсете білді.

- Ол ел экономикасының қалыптасуына, халық­тың мәдени-рухани өміріне өлшеу­сіз еңбек сіңірді, соңына лайықты із қалдырды. Осыған дейін облыс орталығындағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі - аграрлық-техникалық колледж Исатай Әбдікәрімов есімін иеленсе, бүгін туған жеріндегі мектепке қайраткер тұлғаның аты беріліп отыр, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев салтанатты ашылу сәтінде.

Соңғы жаңалықтар