10:22, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қоғам мен мемлекеттің сот билігіне талаптары жоғары - ШҚО
ӨСКЕМЕН. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еліміздің шығыс аймағының сот қауымдастығы Қазақстан Тұңғыш Президенті күнін жағымды оқиғалармен атап өтті.

Судьялардың салтанатты жиналысы көптеген қалалық, аудандық және мамандандырылған соттарға жаңа қызметтік көліктердің кілттерін табыс етуден басталды, ал Өскемен қалалық сотының судьялары қоныс тойын мерекеледі.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Абай Рахметулин өзінің үлкен ұжымын мерекемен, сондай-ақ бұл күнге орайластырылған жұмыс жағдайларының жақсаруымен құттықтады. Ол ел Президентінің сот жүйесін одан әрі жетілдіру және олардың жұмыстары үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға әрдайым назар аударып отырғанын атап өтті.
Аймақтағы сот қауымдастығының салтанатты жиналысы қайта тағайындалған әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдауымен, сот жүйесі ардагерлеріне сыйлықтар мен гүл шоқтарын тапсырумен жалғасты.