Қоғамдық бірлестіктер мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнамаға 42 түзету ұсынуда

«Бізде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың бірқатар мәселесі бойынша заң жобасы әзірленуде. Аталған заң жобасына қоғамдық бірлестіктер тарапынан шамамен 42 толықтыру мен өзгерту енгізілді. Жұмыс топтарының отырыстарында біз оларды қарастырдық. Бұл нормалар өмірдің барлық, атап айтқанда сот ісін жүргізуден бастап білім алу, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметтерге жүгіну сынды салаларды қамтиды. Бұған қоса, автомобиль мен темір жол көлігінен бастап, көліктің барлық түрлеріндегі инфрақұрылымды қайта қарастыруды көздейді», - деді вице-министр. С.Жақыпованың сөзіне қарағанда, бұл заң жобасын әзірлеу барысында шамамен 30-ға жуық заңнамалық актінің нормалары зерделенген. Қазіргі уақытта аталған заң жобасы Үкіметтің, одан кейін Парламенттің қарауына енгізуге дайын.