Қоқыс сұрыптау: Астана мен Жезқазған мектептеріне 1000-нан аса экобокс орнатылады

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде қоқысты бөлек жинау жүйесі қарқынды түрде енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

мектеп
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда қоғамда қалдықтарды кәдеге жарату әдетін қалыптастыру және қоқысты бөлек-бөлек жинау жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Қалаларда қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын экобокстар мен фандоматтар қарқынды түрде енгізіліп келеді. Оған пластик пен алюминий тапсырған азаматтар бонустармен көтермеленеді. Қазірдің өзінде жекеменшік бизнес иелері Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскемен сияқты ірі қалаларда 100-ден астам фандомат орнатты.

Жолдау-2024
Инфографика: Үкімет

— Бұдан басқа, тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебінде қоқысты бөлек-бөлек жинауға арналған 1000-нан астам экобокс орнатылады,— деп атап өтті экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. 

Оның айтуынша бұл шаралар полигондарға жіберілетін қалдық көлемін азайтуға мүмкіндік береді және сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық санасын дамытуға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар