Көкшетауда Қырғызстаннан Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мәселелері талқыланды

БІШКЕК.  Шілденің  15-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ -   Ақмола  облысының әкімі Альберт Рау  шілденің 13-інде Көкшетауда Қырғыз  Республикасының   Қазақстандағы  елшісі Жаныш   Рүстенбековпен кездесу  өткізді,

Көкшетауда Қырғызстаннан   Қазақстанға   ауыл шаруашылығы өнімдерін   жеткізу  мәселелері  талқыланды

деп  хабарлайды        қырғыздың  «Кабар»  ұлттық  ақпараттық  агенттігі.

Кездесуде   Қазақстанның   Ақмола облысы мен  Қырғызстан    өңірлерінің арасындағы  сауда-экономикалық   ынтымақтастық мәселелері  талқыланды.   Сондай-ақ,  Қырғызстанның   оңтүстік  облыстарында  өндірілетін   ауыл шаруашылығы  өнімдерінің    Қазақстанның  солтүстік өңірлеріне  тікелей жеткізілімін ұйымдастыру  үшін  «Жасыл дәліз»   жүйесін  құру   жолымен     жеміс-көкөніс   нарығындағы   ынтымақтастықты кеңейту  мәселелері     сөз болды.

Сапар барысында Елші Ж.Рүстенбеков      аймақтағы   қырғыз диаспорасының  өкілдерімен де кездесті.