19:25, 28 Наурыз 2015 | GMT +5
Көкшетауда «Little Miss & Mini Mister Kokshetau 2015» атты балалардың шығармашылық байқауы өтпек
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 12 сәуір күні Көкшетаудағы облыстық филармонияда "Little Miss & Mini Mister Kokshetau 2015" атты балалардың шығармашылық байқауы өтеді.

"Байқауға 5-14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатыса алады. Қатысушылар ұлттық костюм киіп, өлең, тақпақ, би тәрізді өз таңдауы бойынша шығармашылық нөмірлер көрсететін болады. Эстрада жұлдыздары мен кино, мультфильм кейіпкерлеріне пародия жасауларына рұқсат етіледі. Көйлек пен костюмдер дәстүрлі материалдардан болмауы керек", дейді жоба жетекшісі Найля Сейдалина.