Көкшетауда Тәуелсіздік күні қарсаңында аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығы ашылды

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. KAZINFORM – Аутизммен (аутистік спектрінің бұзылуы) ауыратын балаларды қолдау орталығы күндізгі уақытта және тәулік бойы тегін қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

бала
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Ерекше балалардың ата-аналары оны салу қажеттілігін көптен бері көтеріп келді. Орталық директорының міндетін атқарушы Сәуле Молғаждарованың айтуынша, мекеменің негізгі мақсаты – аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларды әлеуметтендіру, бейімдеу және қарым-қатынас жасау.

Ақмола облысы әкімдігі
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

- Біздің мақсатымыз – балаларға жазу немесе оқуды үйрету емес, біз балаларға өзін-өзі күту дағдыларын сіңіруіміз, сондай-ақ оларға басқалармен қалай қарым-қатынас жасауды және қоғамға бейімделуді үйретуіміз керек. Олармен арнайы дефектолог педагогтер, логопедтер және психологтер жұмыс істейді. Бұл орталық балабақша мен мектеп арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарады. Себебі біз балаларды мектепке дейінгі немесе мектеп жағдайларына сәтті бейімделуіне дайындаймыз. Бізде бірнеше топ болады: күндізгі күтім, қысқа мерзімді күтім және тәулік бойы күтім, - деп бөлісті ол.

Жаңа орталық екі қабатты ғимаратта орналасқан. Балалардың оқуы мен тұруы үшін сынып бөлмелері, ойын бөлмелері, жатын бөлмелер және асхана жабдықталған. Барлық бала ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Ғимараттың жобалық қуаттылығы 30 орын, бірақ педагогтер 50 балаға дейін орналастыруға дайын. Жоспарланған кадрлық штат саны – 40 адам, оның ішінде 21-і мұғалім.

Ақмола облысы әкімдігі
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Баланы орталыққа ПМПК қорытындысы негізінде жатқызуға болады. Оған сәйкес, балалар топтар бойынша үлестіріледі және әрқайсысы үшін үш айға есептелген жеке бағдарлама жасалады. Бағдарлама аяқталғаннан соң балалар қажет болған жағдайда орталыққа қайта келе алады. Орталық сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына кеңес береді.

- Біз сондай-ақ мәдени іс-шараларға, бассейнге және тренажер залдарына баруды жоспарлап отырмыз. Жаздың жылы мезгілінде біз табиғатқа саяхаттар мен командалық ойындарды да ұйымдастырамыз, - деп қосты Сәуле Молгаждарова.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов та орталық жұмысымен танысты.

Ақмола облысы әкімдігі
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

- Әлем өзгеріп жатыр, және қоғамда әрбір адамның оның қажеттіліктеріне қарамастан өз орны бар. Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың 4-ші сессиясында әрбір аймақта аутизммен ауыратын балаларды қоса алғанда, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту және дамыту орталықтарын құруды тапсырды. Бүгін біз бұл тапсырманы орындадық, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Марат Ахметжанов орталыққа білім беру мекемесінің жоспарларын жүзеге асыруға көмектесетін «Газель» кілтін табыс етті.

Ақмола облысы әкімдігі
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Майра Штирдің отбасы Көкшетауға Зеренді ауданынан көшіп келді: ауылдарда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мекемелер жоқ. Ал оны күн сайын қалаға апару мүмкін емес.

Ақмола облысы әкімдігі
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

- Біздің ерекше баламыз бар. Оған аутизм диагнозы қойылған. Төрт жасына дейін ғажайыпты күттік, бірақ ол болған жоқ. Қазір менің балам сегізде. Қазіргі кезде біз бала түстен кейін де сабақтарға қатысуы үшін түзету кабинетіне және қосымша жеке орталыққа барып жүрміз. Мәселе мынада – мемлекеттік орталықтар өте аз, барлығы дерлік жекеменшік, ал төлемі өте жоғары. Аутизст балаларға арналған мұндай орталықтар одан да аз. Біз үшін оңайырақ: баламыздың мүгедектік жәрдемақысын толығымен білім алуына жұмсаймыз. Бірақ балалардың көпшілігі үйде отыр. Сондықтан ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары ретінде біз бұл орталықтың ашылғанына өте қуаныштымыз, - деп бөлісті Майра.

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта аймақта ерекше білім беру қажеттіліктері бар 13 500-ден астам бала тұрады. Оның ішінде аутизм спектрінің бұзылуы бар 824 бала бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 191 балаға көп.

Ақмола облысы әкімдігі
Фото: Ақмола облысы әкімдігі
Соңғы жаңалықтар