Көктайғақ, тұман, боран: Астанада және 17 өңірде күн райы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — 16 желтоқсан күні елорда және еліміздің 17 облысының тұрғындарына ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

боран, метель, снег, погода
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматыда түнде және таңертең тұман басып, көктайғақ күтіледі. Ал Қонаевта түнде және таңертең тұман басып, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде, облыстың таулы аудандарында күндіз қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді. Шымкентте күннің соңында көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман басады. Түркістанда кей уақытта тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с жетеді. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ал Жезқазғанда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында аздаған жауын-шашын (көбіне қар) жауып, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде түнде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Қызылордада түнде көктайғақ болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде облыстың солтүстігінде кей уақытта 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Қарағандыда кей уақытта қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін баралы.

Қостанай облысында да қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Қостанайда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін барады.

Абай облысының оңтүстігінде түнде қар, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с дейін барады. Семейде жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с дейін баруы ықтимал.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде түнде және күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Павлодарда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Ақтауда түнде тұманды болады және көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-шығысында қар, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін артады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін барады. Петропавлда қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с дейін жетеді. Таразда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын болады, ал жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Көкшетауда қар жауып, бұрқасын болады, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Астанада қар жауып, бұрқасын болады, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с дейін артады.

Бұдан бұрын ауа райы салдарынан Ақтөбеде жолда қалған шетелдіктер жылыту пунктіне жеткізілгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар