Көктем-жаз – 2025: Қазақстандық дизайнерлер трендтегі киім үлгілерін атады

АСТАНА. KAZINFORM — Көктем мен жаз — сән алмасып, адамдар қою түстен ашық түске ауысатын кез. Биыл қазақстандықтарды қандай тренд күтіп тұр. Бұл туралы еліміздің дизайнерлері айтып берді.

Көктем-жаз – 2025: Қазақстандық дизайнерлер трендтегі киім үлгілерін атады
Коллаж: Kazinform

Тренд пен стиль

Дизайнер Ая Нүркенованың айтуынша, биылғы маусымда адам сұлбасын анық көрсетіп, әр беріп тұратын әрі сызықтардың үйлесімділігі сәнге шығады. Киімдегі қандай да бір жарқын элемент сәнқойлардың ажарын аша түседі. Маусым стилі — ыңғайлы әрі сұлулыққа сән беретін үлесімділіктен құралады.

Халықаралық премия лауреаты, сәнгер, киім дизайны магистрі әрі Қазақстандағы YANG LAIN брендінің негізін қалаушы Адиля Ботабаеваның айтуынша, осы маусымда қазақстандық жастар өз тұлғалық ерекшелігін сақтап, ойын ашық білдіре алатындай таңдау жасайды. Адамның көңіл күйіне қарай түрлі ой тастайтын, шорт қимылға да ыңғайлы элементтер трендте болады.

Көктем-жаз — 2025: Қазақстандық дизайнерлер трендтегі киімдер мен түстер үйлесімін айтты
Фото: Александр Павский\Kazinform

— Must-have киімдердің ішінде балағы кең джинсы және палаццо шалбарлар сәнге шықты. Сонымен бірге адам сұлбасын анық көрсетіп тұратын қысқа киім сәнде. Костюм ішінен киетін шілтерлі киім бірнеше қабаттан тұрады. Бұл қыз-келіншектердің дене бітіміне ерекше әр беретін сән түрі. Ал оversize жейде мен спорттық киімдердегі сыдырма, қарама-қарсы тігіс пен ерекше қайырма көпшілікті қызықтыра түседі. Сонымен бірге 90-шы жылдардың кейбір элементтері қайта сәнге шығады. Жастар ескіге елітіп, қызыққанымен, әрқайсысында заманауи стиль болады. Матасы да жаңа, — деді ол.

Стильге келер болсақ, Адиля Ботабаеваның айтуынша, жастар түрлі сәнді қосып, жаңа леп ала келеді. Дегенмен жайлы әрі көз қызықтыратын элементтері бар, талғамды дүниелерді таңдайды.

Спорттық үлгідегі киімдер сәннен қалмайды. Күнделікті киім үлгісінің бірі осы болады. Бірақ спорттық киімнің өзіне ерекше элементтер қосылады. Бұл әр адамның өзіндік ерекшелігін айшықтай түседі.

— Минимализм де сақталады. Бірақ көзге оғаш көрінетін жұтаң дүние емес, нәзік сыр беретін бағытқа ауысады. Маталары табиғи түстерге жақын болады, — деп атап өтті дизайнер.

Қазақстандық дизайнер, Kazakhstan Fashion Week арт-директоры Алексей Чженнің айтуынша, осы маусымда адамдар өзіне ыңғайлы киімді таңдайды және де өзіндік болмысын айшықтап көрсететін киімдерді құп көреді. Сонымен бірге негізгі гардеробтағы күнделікті киімдер, аксессуарлар мен сөмке, бас киімдердің өзіндік ерекшелігі сақталады. Бір көрген адам есте сақтап қалатындай жарқын түстерге таңдау түседі.

Жастар болса әрі қарай да қарамайым киімдерді таңдайды. Минимализм олар үшін ең қымбаты әрі ыңғайлысы. Спорттық үлгісі басым киімдер де сәннен қалмайды. Сонымен қатар әр беретін элементтер қосылып, киімге ерекше стиль қосады.

Түстер үйлесімі

Алексей Чженнің айтуынша, ақ-қара гамма — бұл классика. Классика қашанда сәннен қалмайды. Дегенмен биыл қоңыр-сарғыш және айвора түсі адамдарға нәзіктік сыйлайды.

— Бірақ тек сол түстерге басымдық беріп, өзгесін ұмыт қалдыруға болмайды. Бәрі де адамдардың түр-келбетіне, ішкі жан-дүниесіне байланысты. Таңдау жасағанда да түс адамның ажарын қашырмай, аша түсуі тиіс. Егер киім қонымды болса, түсіне аса мән бермеген абзал, — деді дизайнер.

Ал Ая Нүркенованың айтуынша, көктем-жаз маусымында көгілдір түс сәнге шығады. Бұл адамның мәртебесін арттырып, ортақ балансты сақтауға көмектеседі. Сонымен бірге мата жұмсақ, сусылдап тұратындай болғанымен, адамның дене пішінін көрсетіп, жеңіл қозғалысты әрлей түсетіндей болуы тиіс.

Адиля Ботабаеваның айтуынша, 2025 жылдың көктемі мен жаз айларында контраст пен екі түрлі ой салатын киім сәнде болады. Жер түстес, соның ішінде топырақ, саз, күйдірген саз балшық түстері, ақшыл матада көзге оттай басылатын элементтер болады. Лайм, апельсин секілді жемістің түсіндей отты элементтер сол жер түсті киімдерге үйлестіріледі. Сонымен бірге күн жеп, алақ-жалақ күйге түскен әсер қалдыратын киім түстері сәнде болады.

— Таудағы таңғы табиғат, қызара басқан күн шапағы, жалын. Табиғатпен үндескен шақты еске түсіріп, киім түсін таңдауға болады, — деп есептейді ол.

Дизайнер матаны таңдаған кезде адамдардың денесіне жайлы мақта мата, вискоза, зығырды таңдауға шақырады. Сонымен бірге техникалық және смарт-материалдар да қатар тұрады. Олар: өңделген нейлон, эко-полиэстер, UV-қорғанышы бар әрі су өткізбейтін маталар. Бірнеше қабаттан жасалған, қатпарлы, шілтер киімдер осы маусымда сәнде болады. Мұндай киімдер кез келген костюммен үйлесе кетеді.

Қалай сәнді киінуге болады

Адиля Ботабаеваның айтуынша, көпқырлы жилет гардеробтағы ең қажетті киім деп санайды. Бұл жилет спорттық киіммен де, casual-образбен де үйлесе кетеді. Жилет oversize болса, милитари стилін еске салады. Сонымен бірге футболка киіп, жилетті ілі саласыз. Жейде кигенде де жилетпен үйлестіруге болады. Сәнді әрі қарапайым киім үлгісі жастарға таптырмас стиль болады.

Алексей Чжен болса, пиджак пен тренчке басымдық береді. Гардеробтағы ең қажетті киім осы екеуі деп есептейді.

— Бұл киімдер сіздің образыңызды аша түседі. Сіз стильді, сәнді, әдемі көріне аласыз. Адамның жасын талғамайды, қызметін елемейді, жынысы да маңызды емес. Тек костюм мен тренчті үйлестіріп, киіп алыңыз. Әр уақытта сәннен шықпайтын киім осы, — деді дизайнер.

Ая Нүркенованың айтуынша, өзіндік ерекшелігі бар көйлектер биыл қыз-келіншектердің ажарын аша түседі.

Өткен жылы Pantone түстер институты, 2025 жылы Mocha Mousse (коды 17-1230) түсі сәнде болатынын айтты. Сонымен бірге отандық және шетелдік дизайнерлер қазақстандық жастардың әлемдік трендті қаншалықты жақсы үлестіретінін айтып берді. 

2025: Қазақстандық дизайнерлер трендтегі киімдер мен түстер үйлесімін айтты

Көктем мен жаз — сән алмасып, адамдар қою түскен ашық түске ауысатын кез. Биыл қазақстандықтарды қандай тренд күтіп тұр. Бұл туралы еліміздің дизайнерлері айтып берді.

Соңғы жаңалықтар