Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Оразақ ауылында жүргізіліп жатқан құрылыс алаңынан өрт шықты - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Целиноград ауданындағы Оразақ ауылында жүргізіліп жатқан құрылыс алаңынан өрт шықты, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Оразақ ауылында жүргізіліп жатқан құрылыс алаңынан өрт шықты - Ақмола облысы

«Өрт қыркүйектің 3-і күні сағат 11:34 шамасында орын алған. Осының салдарынан «АрхСтрой-Система КазЭкоПан» ЖШС-нің аумағы 100 шаршы метр құрылыс жүйесіне зиян келген. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 22-ӨБ жеке құрамынан 4 адам және 1 өрт сөндіру техникасы тартылды. Қазіргі кездеөрттің себебі және келтірілген шығын көлемі анықталуда», - деп көрсетілген хабарламада.