Қол жеткізілген келісімдер халықтарымыздың игілігіне қызмет етеді — Ильхам Әлиев
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшыларының брифингі барысында Ильхам Әлиев екіжақты байланыстардың жоғары деңгейіне назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— Халықтарымызды ортақ рухани-мәдени құндылықтарға арқа сүйеген ғасырлардан тамыр тартатын достық пен бауырластық қатынастар байланыстырады. Бұл — біздің мемлекетаралық ынтымақтастығымыздың берік іргетасы. Соңғы үш жылда бір-бірімізге оннан аса сапар ұйымдастырдық. Ықпалдастығымыздың қаншалықты қарқынды екенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Әрбір кездесу, әрбір талқылау түпкі нәтижені көздейді. Бүгін біз салалық министрліктердің есебі мен келешек жоспарларын тыңдадық. Жұмыс қорытындысына көңіл толады. Өйткені белгіленген міндеттердің бәрі орындалып жатыр. Мемлекетаралық кеңес аясында қол жеткізілген келісімдер халықтарымыздың игілігіне қызмет етеді, — деді Әзербайжан Президенті.
Еске салсақ, кеше Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін Ақордада қарсы алды.
Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастық туралы 15 құжатқа қол қойды.