Көлде балық аулап жүрген бір топ адамның қайығы аударылып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Челябі облысындағы Аргази көлінде бес адам мінген қайық аударылып кетті. 
None
None

Бұл жайлы «Интерфакс» РФ ТЖМ өңірлік МБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, құрбан болғандар бар», - дейді баспасөз қызметінің қызметкері.

Кыштым іздеу-құтқару жасағының өкілі агенттікке қайықта болған екі балықшыны құтқарғанын, ал қалған үшеуінің тағдыры белгісіз екенін айтты.

Оқиға жайлы диспетчерге жағалауда қалған алтыншы балықшы хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар