Көлеңкелі экономикадағы сауда бизнесінің үлесі 25 пайызға жуық - ҚР ҰКП

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Көлеңкелі экономикадағы сауда бизнесінің үлесі 25 пайызға жуық. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан 1-ші Азиялық «ASIAN RETAIL & DISTRIBUTION 2014» бизнес саммитінде ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева айтты.

Көлеңкелі экономикадағы сауда бизнесінің үлесі 25 пайызға жуық - ҚР ҰКП

«Сауда бизнесі көлеңкелі экономикада мол үлес алып отыр деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Түрлі бағалауларға сәйкес, қолма-қол ақша айналымындағы көлеңкелі айналымның үлесі 25 пайызға дейінгі аралықты құрайды. Біз мұны білеміз», - деді ол.

Оның пайымынша, ресми бизнес саласында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар әділ жұмыс жүргізуде әрі олардың көлеңкелі экономикаға еш қатысы жоқ.

«Мұны көптеген мемлекеттік органдардың да қуаттайтындығына сенімдімін», - деді Г. Құрбанбаева.

Айта кетейік, бизнес-саммиттің негізгі мақсаты - мемлекеттік органдардың, өндіруші компаниялардың, бөлшек сауда өкілдерінің арасында пікір алмастыру, түйткілді мәселелерді талқылау. Алқалы жиынға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Болгария, Индонезия, Германия, Пәкістан және басқа да мемлекеттердің ірі компанияларының өкілдері қатысуда.