Көлік министрі Азиялық Даму банкінің өкілімен кездесті

АСТАНА. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат - Кеше, наурыздың 13-інде Көлік және коммуникация министрлігінде министр Әбілғазы Құсайынов Азиялық Даму банкі Директорлар кеңесінің атқарушы директоры Сирадж Шамсуддинмен кездесті,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен. Кездесудің мақсаты - «Батыс Еуропа ? Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің Тараз ?Қордай учаскесін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыруды талқылау болды. Атап айтқанда, 321 шақырымды құрайтын аталмыш учаскедегі жұмыстарды қаржыландыруға 700 миллион АҚШ доллары мөлшерінде займ бөлу мәселесі сөз болды. Көлік министрі Әбілғазы Құсайыновтың хабарлауынша, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің учаскелерін қайта жаңарту жұмыстарын қаржыландыру жөніндегі Азиялық Даму банкімен арадағы займ туралы келісім қазіргі уақытта республика Үкіметінің қарауында жатыр. Кездесу барысында Азиялық Даму банкінің өкілдері ұзындығы 470 шақырымды құрайтын Бейнеу-Ақтау жолын қайта жаңарту жобасын жүзеге асыруға да атсалысуға мүдделілік білдірді. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты жалғастыру және өзара мүдделерді қолдау туралы өз ниеттерін қуаттады.
Соңғы жаңалықтар