Көлік министрі Берік Камалиев ҚР-дағы Финляндия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Микко Киннуненмен кездесті

қыркүйек. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Қазақстан Республикасындағы Финляндия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Микко Киннуненмен кездесу өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Көлік министрі Берік Камалиев ҚР-дағы Финляндия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Микко Киннуненмен кездесті

ҚР Көлік ведомствосының басшысы Б. Камалиев кездесудің басында Елшіге көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы ақпарат жасады.

Анықтама: Қазақстан 20 әуежай жұмыс істейді, оның ішінде, 15 әуежай халықаралық мәртебеге ие, оның ішінде, 10әуежай Халықаралық азаматтық авиация ұйымының категориясына ие.

Отандық әуекомпаниялар қызметін дамыту бойынша шаралар қабылдануда. «Эйр Астана» ұлттық әуежай табысты дамуда және еуропалық стандарттарға сәйкес келеді. Қазіргі уақытта оның 24 заманауи әуе кемесі бар. Шетел мемлекеттерімен халықаралық әуе қатынасы кеңеюде. Бүгінгі күні 20 таяу және қиыр шетел мемлекеттерімен әуе қатынасы орнатылды.

Автомобиль көлігі саласында тараптар халықаралық жүк авто тасымалдауларын жүзеге асыруда. Жыл сайын 3050 мөлшерге дейін рұқсат беру бланктерімен алмасу жүргізілуде.

Жүктерді тасымалдаудың негізгі көлемі темір жол көлігі арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 2011 жылғы 7 айда жүктерді тасымалдау көлемі 962 мың тонна (2010 жылы жүктерді тасымалдау көлемі 2009 жылға қарағанда 63 % артты, яғни, 372 мың тоннаға артық). Қазақстаннан Финляндияға тасымалданатын негізгі жүктер: көмір - 61 %, мұнай өнімдері - 36 %, басқалар - 3 %.

Бұдан соң Б.Камалиев мемлекеттің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту жөніндегі министрліктің атқарып жатқан жұмысы туралы баяндады.

Теміржол саласында екі ірі жоба іске асырылуда. «Қорғас - Жетіген» темір жолы Қытаймен екінші өту пунктін ашады және Азия - Еуропа бағытындағы қашықтықты 500 км қысқартады. «Солтүстік - Оңтүстік» халықаралық транзиттік дәліздің құрамына кіретін «Өзен - Түркіменстанның мемлекеттік шекарасы» темір жолы Парсы шығанағы, Таяу және Орталық-Шығыс мемлекеттеріне жүк тасымалдау маршрутын оңтайландыруға мүмкіндік береді, яғни, жүк тасымалдау қашықтығын 600 км аса қысқартады.

Автожол саласында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мегажобасы іске асырылуда. Бұл дәліз құрылысының аяқталуы Қытайдан Еуропаға жүктерді автокөлік арқылы жеткізу мерзімін теңіз жолына қарағанда 3,5 есеге қысқартады.

Анықтама: Бүгінгі күні Ляньюньгань портынан Қытай Халық Республикасынан Еуропа порттарына теңіз жолы арқылы жүк жеткізу мерзімі шамамен 45 күнді құрайды. Жаңа дәліз арқылы Ляньюньганьнан Еуропа мемлекеттеріне жол жүру уақыты біраз қысқарып, 10 тәулікті құрайтын болады.

Мемлекеттің ең әлеуетті және тиімді жерлерінде сауда, көп функционалды және көліктік логистикалық орталықтар қалыптасуда. Шекарада Қытаймен бірлесіп «Хоргос - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрылуы осы саладағы алғашқы ірі жоба болып табылады. Бұл аймақ «Құрғақ порт» қағидасы бойынша көлік-логистикалық кешен ретінде жұмыс істейтін болады. АЭА-тың жалпы аумағы 6 000 га құрайды.

Өз кезегінде, Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Микко Киннунен Қазақстанмен ынтымақтасуға ниетті салалары туралы ақпарат берді. Финляндия энергияны үнемдеу технологиялары, құрылыс, тау-кен өндірісі салаларында ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытуда. Сондай-ақ, финдік «Фин Эйр» авиакомпаниясы екі мемлекет арасында авиамаршрут ашуға мүдделігін көрсетуде.

Министр Б.Камалиев азаматтық авиация саласында Қазақстан мен Финляндия арасында әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылғанын айтып, қазақстандық тарап Хельсинки - Алматы маршруты бойынша авиарейс ашу туралы финдік авиакомпанияның ұсынысын қолдауға дайын екендігін айтты. Сонымен қатар, «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы жұмысын бастады. Онда ағымдағы жылы инженерлік инфрақұрылымның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Б.Камалиев фин тарапына Хоргостағы Еуропа бағытында жүкті қалыптастыратын терминалдар құрылысына қатысуды ұсынды. Қорытындылай келе, көлік ведомствосының басшысы Б.Камалиев бүгінгі кездесу екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастырды дамытуға жаңа оң серпін беретініне сенімін білдірді.