Көлік министрі «ҚТЖ» басшысын отставкаға жіберу туралы ұсынысқа пікір білдірді

ҚР Транспорт вазири Марат Қарабаев
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз конференциясында Көлік министрі Марат Қарабаев «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты отставкаға жіберу туралы ұсынысқа пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform

«Сіз теміржол саласының екі жылдағы жағдайын немен бағалап отырсыз? Жалпы биыл тасымал көлемі 5 пайыз өсті. Транзит көлемі биылдың өзінде 25 млн тоннаға жеткенін айттым. Өсім 20 пайыз деңгейінде болып тұр. «ҚТЖ»-да бар проблемалар жылдар бойы қордаланған. Сондықтан «ҚТЖ» ұлттық операторы министрлікпен бірге шаралар қабылдап жатыр. Ол туралы сіз жақсы білесіз деп топшылаймын. Бұған дейін де біздегі жүк вагон паркінің тозу көрсеткіші 60 пайыздан асқанын бірнеше рет айттық. Сондықтан биыл 3 мың жаңа вагон сатып алу туралы келісім бекітілген. Жолаушы вагондарының тозу көрсеткіші 50 пайыздан асқанын айттық. Сондықтан биыл 64 жолаушы паркін сатып алдық. Локомотивтер де тозған. Оны жоққа шығарып отырған жоқпын. Жазда проблемалар болды. Бірақ бұл транзит емес, экспорттың көлемдерімен байланысты. Сондықтан биыл 114 локомотив сатып алдық», - деді министр.

Оның пайымынша, мәселе қадам-қадаммен шешіліп жатыр.

«Көлік министрі ретінде Н.Сауранбаевтың жұмысын «жақсы» деп бағалайсыз ба?», - деп сұрады журналист.

«Мен Көлік министрлігінің басшысы ретінде Қазақстандағы теміржолдардың қызметіндегі проблемалар жылдар бойы қордаланған және қадам-қадаммен шешіліп жатыр деп бағалаймын», - деді Марат Қарабаев.

Соңғы жаңалықтар