Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Колумбия президенті Трамптан ел тауарларына салынған баж салығын тоқтатуды сұрады

АСТАНА. KAZINFORM — Колумбия президенті Абелардо де ла Эсприэлья АҚШ президенті Дональд Трамптан Колумбия тауарларына салынған жоғары кедендік баж салығын уақытша тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Report.

Дональд Трамп
Фото: Report.az

Колумбия басшысы бұл туралы Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Де ла Эсприэльяның айтуынша, баж салығын уақытша тоқтату жер сілкінісінің салдарынан қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлерді қолдау үшін қажет.

Колумбия президенті АҚШ-қа қаржылай қолдау мен гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Трампқа алғыс білдірді. Өз кезегінде АҚШ президенті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Колумбия халқына қолдау білдірді.

— Бүгін Колумбия мен АҚШ арасындағы одақ елді қалпына келтіру үшін бұрынғыдан да маңызды, — деді Абелардо де ла Эсприэлья.

Айта кетейік, Колумбия билігі 10 тамызда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен кейін елде үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.