Комиссия Жамбыл облысындағы тікұшақ апатының себептерін анықтап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ-нің Тексеріс жөніндегі комиссиясы 2016 жылғы 26 қаңтарда апатта сынған Ми-2 тікұшағының қалдықтары мен агрегаттарын Тараз қаласының «Әулие-Ата» әуежайының аумағына орналастыруды жоспарлап отыр.

Комиссия Жамбыл облысындағы тікұшақ апатының себептерін анықтап жатыр

Қазіргі уақытта инженерлік-техникалық және ұшу жөніндегі шағын комиссиялар құрылды. Комиссия ұшақтың және «Жаңа Әлем» ЖШС-нің авиациялық қызметшілерінің ұшу және техникалық құжаттамасын қабылдау мен өткізілуі жоспарлануда.

ҚР ИДМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, комиссия мынадай жұмыстар атқарды: Авиациялық оқиға болған орын қаралып, Авиациялық оқиға болған орынның қаралғандығы жөнінде акт жасалды. Сондай-ақ Авиациялық оқиға болған орынның алдын ала кроктер (жердің ұшу барысында, сол сияқты авиациялық оқиғаларды тексергенде маңызы болатын жер бедерінің схемасы, мысалға, оның ішінде аэродром мен оған келетін жолдар схемасы айрықша бағдарлар көрсетілген) құрастырылды. Авиациялық оқиға болған орын құжаттама арқылы бекітілді. Әуе кемесінің негізгі бөлшектері Тараз қаласының әуежайына жеткізілді.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарда «Тараз Жаңа Әлем» ЖШС-нің тіркеу № UР-I223 тікұшағы көлік-байланыс ұшуын орындау барысында Жамбыл облысында авиациялық оқиғаға ұшыраған.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) телефонына куәгерден 2016 жылғы 23 қаңтар күнгі сағат 20:08-де алғашқы хабар түскен, хабарлаушы Тұрар Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының «Садыхан» қыстағынан және Үмбет елді мекенінен шамамен 3 шақырым жерде (Тараз қаласының солтүстік шығысында 110 шақырым жерде) тікұшақтың құлағанын көрген. Тікұшақ сынған. Құрбан болғандар жоқ. Күйік шалған пилот Тараз қаласының ауруханасына жеткізілген.

Бұл авиациялық оқиғаның болу жағдайы мен себептерін анықтау үшін ҚР ИДМ-нің Тексеру комиссиясы құрылды.