Комиссия жаңа Конституция туралы ұсыныстардың қалай ескерілгені туралы есеп береді

АСТАНА. KAZINFORM — Конституциялық комиссия төрағасы Эльвира Әзімова Ата заңның жаңа редакциясы туралы азаматтардан түскен ұсыныстардың тағдыры не болғанын жиынтық кесте арқылы халыққа жеткізуді тапсырды.

конституциялық комиссия отырысы
Фото: Конституциялық сот

— Конституциялық комиссияның атына азаматтардан оң пікірлер әлі де келіп жатыр. Сонымен қатар, комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының жекелеген нормасын нақтылап редакциялау туралы ұсыныстар айтты. Осыған байланысты келіп түскен ұсыныстарды талдау жұмыстары жалғасады, — деді ол.

Конституциялық сот төрағасы өзінің орынбасары Бақыт Нұрмұхановқа комиссияның 8 отырысы кезінде түскен ұсыныстарды бір кестеге жинақтауды тапсырды.

— Бақыт Маратұлы, келесі отырыста осы 8 отырыстың ішінде келген ұсыныстардың бәрін жинап, жиынтық кестеге салып, әрбір ұсыныс жобада қалай ескерілгенін, қайсысы ескеру процесінде екенін, осының бәрін көрсетсеңіз. Себебі біздің отырыстар тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Бізге ғана емес, азаматтарға да осы жұмыс бойынша анық және нақты ақпарат берілу керек, — деген Эльвира Әзімова Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысы 7 ақпанға белгіленгені, нақты уақыты қосымша хабарланатынын айтты.

Айта кетейік, жаңа Конституцияның жобасын түрлі мекемелер, ұжымдар талқылап жатыр

Соңғы жаңалықтар