Көмір қоймаларындағы отын көлемін ЖИ арқылы есептеу жүйесі енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Үкімет отырысында мәлім етті.

жасанды интеллект
Фото: Gov.kz

- Самұрық-Энерго күнделікті аэро-түсірілім жасайтын дрондарды қолдана отырып, электр станциясы қоймаларында көмірді есепке алу процесін автоматтандыруды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде көмір қалдықтарын есептеу аспаптар арқылы қолмен жүргізіледі. 

Aл цифрлық жүйеде жасанды интеллект пен компьютерді қолдану арқылы деректер өңделеді. Алынған деректерді кәсіпорынның есепке алу жүйесімен одан әрі біріктіру көмір қалдықтары туралы күнделікті есептілік қалыптастырады, - деді компания басшысы.

Айтуынша, бұл есептер Энергетика министрлігіне беріліп отырады.

- Осының арқасында өлшеу уақыты 5 күннен 2 сағатқа дейін қысқарып, есепке алу дәлдігі 99%-ға дейін артады. Осылайша көмір қоймасының үш өлшемді моделі құрылады, - деді Қайрат Мақсұтов.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында электр энергетикасы саласын дамыту мен цифрландыру барысы талқыланып жатыр

 

Соңғы жаңалықтар