Қонаевта референдумда дауыс беру үшін ілбіс келді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Қонаев қаласында дауыс беру барысында тұрғындардың назарын ерекше қатысушы аударды. 

Қонаевта референдумда дауыс беру үшін ілбіс келді
Фото: Қонаев қаласы әкімдігі

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда № 949 сайлау учаскесіне Алматы облысының символы саналатын қар барысының кейпіндегі костюм киген қала тұрғыны келді.

Қонаевта референдумда дауыс беру үшін ілбіс келді
Фото: Қонаев қаласы әкімдігі

«Қар барысының» келуі учаскеде болған азаматтардың қызығушылығын бірден тудырды. Дауыс берушілер ерекше қонақты жылы қарсы алып, онымен естелік суретке түсіп, мұндай креативті бастама учаскедегі көңіл-күйді көтеретінін атап өтті.

Қонаевта референдумда дауыс беру үшін ілбіс келді
Фото: Қонаев қаласы әкімдігі
Қонаевта референдумда дауыс беру үшін ілбіс келді
Фото: Қонаев қаласы әкімдігі
Қонаевта референдумда дауыс беру үшін ілбіс келді
Фото: Қонаев қаласы әкімдігі

— Ілбіс — біздің облыстың символы. Бүгін мен өз азаматтық борышымды орындап, еліміз үшін маңызды оқиға — жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қатысу үшін өз учаскеме келдім, — деді Қонаев қаласының тұрғыны, ілбіс кейпінде келген Шыңғыс Мұқашев.

Қонаевта референдумда дауыс беру үшін ілбіс келді
Фото: Қонаев қаласы әкімдігі

Дауыс бергеннен кейін ілбіс басқа да дауысбеиушілермен әңгімелесіп, естелік фотосуреттерге түсті. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум