Қонаевтағы демалыс аймағында ток соққан 11 жасар бала қайтыс болды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Бұл туралы баланың туыстары әлеуметтік желіде хабарлады.

Желідегі мәліметке сәйкес, Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Family fort демалыс аймағында ілініп тұрған сымды байқамаған 11 жасар баланы тоқ соққан. Ол алған жарақаттарынан жан тапсырған.
Қонаев қаласының әкімдігі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
— Аталған аумақтағы электр желілері жекеменшікке тиесілі. Қайғылы оқиғадан кейін тіректер жағажайдан алынды. Бұл дерек бойынша Қонаев қаласының полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жағдай бақылауда, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Алматыда жыл басынан бері 20 мың бала медициналық көмекке жүгінген.