Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қонақжайлық индустриясының федерациясы Миландағы ЭКСПО-ға 21 қазақстандық бренд ұсынады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қонақжайлық индустриясының федерациясы» ЗТБ отандық тауарлар мен қызметтерді насихаттау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қонақжайлық индустриясының федерациясы Миландағы ЭКСПО-ға 21 қазақстандық бренд ұсынады (ФОТО)

Айта кетейік, «Қонақжайлық индустриясының федерациясы» осы жылы құрылып, заңды тұлғалар бірлестігі ретінде тіркелген болатын. Ұйымның алғашқы меморандумдарының бірі - бүгінгі құжат отандық тауарлар мен қызметтерді насихаттап, халықаралық нарыққа шығаруды көздейді. «Біздің федерациясы осы жылдың басында құрылды. Ұйымның негізгі қызметі шет елде Қазақстанның абыройын асқақтып, еліміздің жетістіктерін насихаттау. Бұл мақсатты орындау үшін біз әртүрлі халықаралық көрмелерге, форумдар мен акцияларға қатысамыз, сол шараларда отандық өнімдерді жарнамалап, таныстырамыз. Мысалы, 21 қазан күні Миланда өтіп жатқан ЭКСПО-2015 көрмесіне 21 қазақстандық бренді ұсынамыз», - дейді федерация президенті Г.Кенеева. Бұл ретте, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы федерацияның «Халық маркасы» деген жобасына қызығушылық танытқан. «Бүгінде «Халық маркасы» жобасы азық-түлік өндіру саласында отандық тауар өндірушілердің барлығы қатысқан алғашқы ұлттық жобаға айналды. Болашақта да тауарлардың сапасын арттыру үшін осындай конкурстар ұйымдастырып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастықты кеңейтеміз», - дейді Г.Кеңеева.