Конференция лигасы: «Астана» мен «Елімай» қарымта ойындарын өткізеді.
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін 16 шілде күні UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Астана» мен «Елімай» қарымта ойын өткізеді.
Екі кездесу де Қазақстан уақытымен 20:00-ге белгіленген. «Астана» - «Динамо Сити» (Албания) матчы «Qazaqstan», «Елімай» (Семей) - «Алашкерт» (Армения) ойыны «Qazsport» тееларнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Алғашқы ойын Албанияның Эльбасан қаласында өтіп, «Астана» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голды 69-минутта Рамазан Кәрімов соқты.
«Динамо Сити» командасының сексен жылға жуық тарихы бар. Бұл клуб 2023 жылға дейін жанкүйерлер қауымына «Динамо Тирана» деген атаумен жақсы белгілі.
«Динамо Сити» - Албаниядағы ең танымал клубтардың бірі. Олардың еншісінде қазірге дейін 18 чемпиондық атақ бар. Дегенмен олар соңғы рет мұндай мүмкіндікке 2009/2010 жылғы маусымда ие болған еді. Биыл олар еурокубок ойындарына қатысуға былтыр
Ал «Елімай» бірінші кездесуде Арменияның «Алашкерт» клубымен 1:1 есебімен тең ойнап қайтты. Матчтың 60-минутында Арсен Әшірбек «Елімайды» алға шығарса, 86-минутта Давид Тертерян есепті теңестірді.
Арменияның төрт дүркін чемпионы (2015/16, 2016/17, 2017/18, 2020/21) атанған «Алашкерт» алғаш рет 1990 жылы құрылған еді. Сол жылдары команда Гегаркуник облысы Мартуни қаласының атынан сынға түсті. Арада он жылдай уақыт өткенде бұл ұжым түрлі себепке байланысты біріншілікке қатысудан шет қалды.
2011 жылдан бері «Алашкерт» қайта жаңғырып, көптеген жетістікке қол созды.
Сондай-ақ қостанайлық клуб Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Қарсыласы - Литваның «Паневежис» клубы.
Айта кетсек, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубын (2:1, 2:0) қапы қалдырды. Енді олар екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің «Омония» клубымен шеберлік байқасады.