Конференция лигасы: «Челси» сырт алаңда «Легияны» ірі есеппен жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін UEFA Конференция лигасы ширек финалының алғашқы турында англиялық «Челси» сырт алаңда Польшаның «Легия» командасын ірі есеппен жеңді.

Англиялық клуб аталған турнирдің басты фавориті ретінде саналып отыр. Сондықтан олар әрбір кездесуде сенімді ойын көрсетуге тырысып келеді.
Кездесу барысында польшалық футболшылар бірінші кезеңде ағылшындық командаға лайықты қарсылық көрсетті. Нәтижесінде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде «Челси» бірден ойын тізгінін қолға алды. Ойынның 49-минутында Тайрик Джордж мергендік танытса, одан кейін Нони Мадуэке 57, 74-минутта екі мәрте қақпаны дәл көздеді.
Осылайша «Челси» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, жарысты жалғастыруға бір табан жақындай түсті.
Қарымта ойын 17 сәуірге белгіленген. Ал жартылай финал 1 және 8 мамыр күндері өткізіледі. Финал 28 мамырда Польшаның Вроцлав қаласындағы стадионда болады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы туры өтеді.