Конференция лигасы: «Фиорентина» сырт алаңда жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM - UEFA Конференция лигасы ширек финалының алғашқы тур ойындары өткізілді.

Конференция лигасы: «Фиорентина» сырт алаңда жеңіске жетті
Фото: sport24.ru

Биыл аталған турнирде сынға түсіп жатқан италиялық «Фиорентина» бас жүлдеге қол созуды қалайды. Жалпы кезеңде үздік үштікке тұрақтаған команда одан кейін Грекияның «Панатинаикос» (2:3, 3:1) есебімен сүріндірді. Нәтижесінде олар бірден ширек финалға жолдама алған еді.

Бүгінгі кездесу барысында италиялық футболшылар сырт алаңда Словенияның «Целе» клубының 2:1 есебімен осал тұсын тапты. Ойынның 27-минутында олардың қатарынан Лука Раньери есеп ашса, Роландо Мандрагора 62-минутта пенальтиден басымдықты арттырды.

Ал 68-минутта словениялық клубтан Логан Делорье-Шобе пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Сондай-ақ жарыстың аталған сатысында англиялық «Челси» сырт алаңда Польшаның «Легия» командасын 3:0 есебімен жеңді.

Қарымта ойын 17 сәуірге белгіленген. Ал жартылай финал 1 және 8 мамыр күндері өткізіледі. Финал 28 мамырда Польшаның Вроцлав қаласындағы стадионда болады.

Жарыстың аталған сатысында швециялық «Юргорден» Аустрияның «Рапид Вена» клубына 0:1 есебімен жол берсе, испаниялық «Бетис» польшалық «Ягеллонияны» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар