Конгресс қызметкерлерге DeepSeek қолданбасын пайдалануға тыйым салады

АСТАНА. KAZINFORM - Өкілдер палатасының қызметкерлері енді аз уақыт ішінде танымал болып кеткен қытайлық DeepSeek жасанды интеллект бағдарламасын пайдаланбауы мүмкін, деп хабарлайды Kazinform тілшісі POLITICO-ға сілтеме жасап. 

Конгресс қызметкерлерге DeepSeek қолданбасын пайдалануға тыйым салады
Фото: Midjourney

Қызметкерлерге арналған хабарламада, Өкілдер палатасының Бас әкімшілігіне жауапты маман (CAO) технология қаралып жатқанын және ол әбден тексерілмейінше қолданылмайтынын айтты.

Қызметкерлер бұдан былай бағдарламаны телефон, компьютер және планшет сияқты құрылғыларға орната алмайды. 

- Алаяқтар DeepSeek-ті зиянды бағдарламалар тарату және құрылғыларды бүлдіру үшін пайдаланып жатыр, - делінген өкілдер палатасы хабарламасында. 

Axios-тың хабарлауынша, 2023 жылы агенттік ChatGPT жасанды интеллект бағдарламасын қолдануға шектеулер қойып, белгілі бір тапсырмалар үшін OpenAI чатботының ақылы нұсқасын ғана пайдалануға рұқсат берген. 

Былтыр сәуір айында CAO қызметкерлерге Microsoft Copilot қолданбасын пайдалана алмайтындарын хабарлаған. Дегенмен компания үкімет қажеттіліктеріне бағытталған құралдар жиынтығымен жұмыс істеп жатқанын айтты. 

Бұған дейін қытайлық DeepSeek стартапы америкалық App Store дүкенінде ChatGPT-ден асып түскені хабарланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар