Конор Макгрегор Ирландия президенттігіне үміткер болу ойын өзгертті
АСТАНА.KAZINFORM - Бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор Ирландиядағы президенттік сайлаудан өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Бұл туралы боксшы өзінің X парақшасында жазды.
- Отбасыммен кеңескеннен кейін мен президенттік бәсекеден өз кандидатурамды алып тастаймын деп шештім. Бұл оңай шешім болған жоқ, бірақ дәл қазір бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Мен бұл сайлауға қатыспасам да, Ирландияға деген адалдығым мұнымен шектелмейді. Мен Ирландияның шетелдегі мүддесін ілгерілету, елдің экономикалық мүмкіндіктері мен ашықтығын нығайту үшін өз халқыма қызмет етуді жалғастыра беремін, - деді Макгрегор.
Сонымен бірге бұрынғы UFC чемпионы бұл сайлау өзі үшін соңғы сайлау болмайтынына сендірді.
— Алдағы уақытта әлі де менің сайлау учаскесінде сіздердің құқықтарыңыз үшін күресіп, еліміздің мүддесін қорғап жүргенімді көресіздер. Бұл менің саяси сапарымның соңы емес, тек басы. Мен өмірді жақсартуға, құқықтарды қорғауға және Ирландия халқына адалдықпен қызмет етуге әрқашан дайынмын. Мен Ирландияның әлеуметтік және экономикалық мүддесін қорғай отырып, әлемдік аренада халқыма қызмет етуді жалғастырамын – бұған еш күмәнім жоқ. Бұл марафон. Спринт емес! — деп түйіндеді Макгрегор.
Ирландияда президенттік сайлау 2025 жылдың 11 қарашасында өтеді. Майкл Хиггинс бұл қызметті 2011 жылдың қарашасынан бері атқарып келеді.
Бұған дейін UFC-дің бұрынғы чемпионы Ирландиядағы президент сайлауына қатысуға ниетті екенін айтқан болатын.