Конституциялық Сотқа ай сайын 500-ден астам азамат жүгінеді

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтар айының басынан бастап Конституциялық Сотқа конституциялық бақылау органына жүгінуге құқығы бар субъектілерден 2,7 мың өтініш түсті, оның 25 %-ы ғана заңдардың және өзге де құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру мәселесін көтерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдау көрсеткендей, өтініштердің 99%-ы азаматтардан келген, олар мына мәселелерді көтерген:

- сот шешімдерімен келіспеу – 42%;

- НҚА немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану – 25%;

- ақпаратқа қол жеткізу – 3,5%;

- еңбек заңнамасын сақтау – 1,3%;

- әлеуметтік қамсыздандыру – 1,4%;

- қылмыстық-атқару жүйесі – 1,4%.

Өтініштер саны бойынша Астана мен Алматы қалаларының, Қостанай, Қарағанды ​​және Жамбыл облыстарының тұрғындары көш басып тұрғанын көрсетеді.

Жұмыстың бірінші айында Конституциялық Сот 826 өтініш тіркеді, олардың көпшілігі Конституциялық заң талаптарына сәйкес келмеген.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының, оның ішінде заңгерлік қоғамдастықпен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өтініштердің сапасы оң жаққа өзгерді, оған конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер де дәлел бола алады.

Қазіргі таңда 9 іс бойынша конституциялық іс қозғалды, тағы 44 іс судьялардың алдын ала зерделеуінде.

Өтініштер статистикасына көз жүгіртсек, ай сайын Конституциялық Сотқа орта есеппен 500-ден астам азамат жүгінеді, яғни:

ақпанда – 680;

мамыр – 536;

сәуір – 568.

Конституциялық Соттың 4 айлық қызметінде 11 нормативтік қаулы шығарылды, оның 8-і азаматтардың өтініші бойынша.

Нормативтік қаулыларды мына сілтеме бойынша көруге болады.


Соңғы жаңалықтар