Конституция жобасына қатысты референдум қорытындысы 21 наурызға дейін жарияланады

АСТАНА. KAZINFORM — Конституция жобасына қатысты референдум қорытындысы 21 наурызға дейін жарияланады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман айтты.

референдум
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

- Егер дауыс беру ыңғайлылығы мақсатында аумақтық референдум комиссиялары өзгеше белгілемесе, дауыс беру 15 наурызда таңғы 7-00-ден кешкі 20-20-ге дейін өтеді. Орталық референдум комиссиясы референдумның қорытындылары туралы ресми хабарламаны дауыс берген күннен бастап, 7 күннен кешіктірмей, яғни 21 наурызға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиіс, - деді ол.

Осыдан кейін комиссия мүшелері 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.

Осы орайда Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров күнтізбелік жоспар референдумды өткізу кезеңдерін және олармен байланысты рәсімдерді белгілейтін негізгі құжат екенін атап өтті.

- Күнтізбелік жоспарда көрсетілген барлық іс-шара белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұл – міндет, - деді комиссия төрағасы. 

Бұған дейін референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспары бекітілгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар