Конституция жобасына қатысты референдумға қанша қаржы жұмсалады

АСТАНА. KAZINFORM — Орталық референдум комиссиясының мүшесі Михаил Бортник 15 наурызға тағайындалған республикалық республикалық референдумның алдын ала есептелген бюджетін жария етті.

референдум
Коллаж: Kazinform

- Қазіргі уақытта смета Қаржы министрлігінің талқылауы мен сараптамасынан өтіп жатыр. Таяу сағаттың ішінде алдағы референдумның нақты шығыстарын айқындайтын цифрді білеміз деп ойлаймын. Референдум өткізуге арналған шығыстардың алдын ала есептеуі 20,8 млрд теңге болған еді. Атап өтерлігі, мұндай қаражат 2026 жылдың республикалық бюджетінде қарастырылмаған. Сондықтан қаражат Үкімет резервінен бөлінеді, - деді ол Орталық референдум комиссиясының отырысынан кейінгі брифингіде.

Оның дерегінше, аталған соманың 75 пайызы учаскелік референдум комиссияларының мүшелеріне жалақы төлеуге жұмсалады.

Бұған дейін референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспары бекітілгенін жазған едік.