Конституциямыз ел тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып жатыр — Ерлан Қарин

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституцияның мәтіні аударма еместігін айтты.

Ерлан Карин
Фото: Конституциялық сот

— Жаңа Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасы — бұл аударма емес. Қолдарыңыздағы қазіргі жоба — о бастан мемлекеттік тілдің мүддесі тұрғысынан жазылған жоба. Екі ұшты мәселелер туындаған кезде әуелі қазақ тіліндегі нұсқа назарға алынып отыр, — деді ол Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысында.

Ол мұны қазақ тілінің заң тілінен айналу деп бағалады.

— Яғни, ел тарихында тұңғыш рет Конституциямыз басынан аяғына дейін құқықтанушылар мен тіл мамандарының бірлесіп жұмыс істеуімен мемлекеттік тілде әзірленіп жатыр. Бұл — қазақ тілінің заң тіліне айналғанын, аясы кеңейіп, өркендегенін көрсетеді, — деді Ерлан Қарин.

Айта кетейік, жаңа Конституцияның жобасын түрлі мекемелер, ұжымдар талқылап жатыр

Бұдан бұрын Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия отырысы барысында қоғаммен ашық диалог жалғасатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар