Конституцияның сот пен прокуратураға қатысты бөлімінің атауы өзгереді
АСТАНА. KAZINFORM - Конституцияда сот билігін әкімшілік сот ісін жүргізу арқылы жүзеге асыралатынын тікелей көрсету ұсынылды. Бұл туралы бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлім етті.
- Конституцияның тиісінші бөлімінің атауын «Әділ сот. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» деп өзгерту ұсынылады. Бұрынғы редакциясы: «Соттар және сот төрелегі. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», - Ерлан Сәрсембаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы басталды. Іс-шара конституциялық реформаға байланысты түскен ұсыныстарды талқылауға арналды.
ҚР Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Әзімова комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс түскенін, олардың барлығы біртұтас жинақталған кестеге топтастырылғанын атап өтті.
Айта кетейік, әкімшілік соттарға конституциялық құқықтық мәртебе беру ұсынылды.