Континентальдық қауiпсiздiк тақырыбы Еуразия зерттеулерiнде неғұрлым тыңғылықты талқылануы керек - Б. Майлыбаев

ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Континентальдық қауiпсiздiк тақырыбы Еуразия зерттеулерiнде неғұрлым тыңғылықты талқылануы керек.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақстан саясаттанушыларының конгресінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев мәлім етті.

«Қазақстанның бас қаласы - Астана 21-шi ғасырдағы еуразия геосаясат орталығы ретінде қалыптасуда. Елордада 2010 жылы өткен ЕҚЫҰ Саммиті басқосуының қорытындылары бойынша Астаналық декларация қабылданып, онда тұңғыш рет Еуразия қауiпсiздiгi туралы тезис сипатталған болатын. Континентальдық қауiпсiздiктiң тақырыбы Еуразия зерттеулерiнде неғұрлым тыңғылықты талқылануы керек деп есептеймін», - деп атап көрсетті Б. Майлыбаев.

«Бұл жерде үлкен жұмыс пен жауапкершiлiк бiздiң саясаттанушыларға, экономистер мен сарапшыларға тапсырылады», - деп түйіндеді сөзін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар