Қор нарығында доллар 3 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады. 

валюта
Фото: freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,56 теңгеге түсіп, 464,73 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 469,49 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 462,00 теңгеден сатып алынады, 469,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 540,22 теңге, сату — 550,22 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,09 теңге, сату — 6,40 теңге.
— юань: сатып алу — 68,23 теңге, сату — 73,99 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 464,09 теңгеден сатып алынады, 466,44 теңгеден сатылады. Еуро 545,74 — 551,29 теңге, ал рубль 6,08 — 6,20 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,83 теңгеден сатып алынады, 71,75 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 20 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,14 теңгеге өсіп, 469,49 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар