Доллар бағамы 469 теңге деңгейінде тұр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,14 теңгеге өсіп, 469,49 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 469,52 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 466,00 теңгеден сатып алынады, 473,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 550,00 теңге, сату - 560,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,99 теңге, сату - 6,30 теңге.
- юань: сатып алу - 67,58 теңге, сату - 74,04 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 466,90 теңгеден сатып алынады, 469,66 теңгеден сатылады. Еуро 549,60 – 554,84 теңге, ал рубль 6,07 – 6,20 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,81 теңгеден сатып алынады, 71,78 теңгеден сатылады.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 1,68 теңгеге түсіп, 469,52 теңге болды.