Қор нарығында доллар бағамы 440 теңгеден төмен түсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,83 теңгеге түсіп, 439,37 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 441,77 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 435,04 теңгеден сатып алынады, 442,07 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 495,04 теңге, сату - 505,04 теңге;
- рубль: сатып алу - 4,90 теңге, сату - 5,10 теңге.
- юань: сатып алу - 65,89 теңге, сату - 70,45 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 438,35 теңгеден сатып алынады, 440,33 теңгеден сатылады. Еуро 498,66 – 503,14 теңге, ал 4,95 – 5,07 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 65,53 теңгеден сатып алынады, 68,05 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 28 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге түсіп, 441,77 теңге болды.