Апта басында доллар бағамы сәл арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге түсіп, 441,77 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 441,88 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 437,20 теңгеден сатып алынады, 444,19 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 498,46 теңге, сату - 507,22 теңге;
- рубль: сатып алу - 4,91 теңге, сату - 5,11 теңге.
- юань: сатып алу - 66,37 теңге, сату - 70,72 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 439,50 теңгеден сатып алынады, 441,55 теңгеден сатылады. Еуро 500,41 – 505,41 теңге, ал 4,97 – 5,08 теңге аралығында саудаланады.
Ал юань 65,90 теңгеден сатып алынады, 68,40 теңгеден сатылады.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 0,02 теңгеге түсіп, 441,88 теңге болды. Бұл 0,02 теңгеге төмен.