Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,52 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 516,01 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516 теңге. Еуро 583 — 587 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 520 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 581 теңгеден сатып алынып, 588 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,15 - 6,27 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 8 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 514,5 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,35 теңге. Еуро — 582,67.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.