Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

Қор нарығында доллар қымбаттады
Фото: Freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,15 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 512,34 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 513,5 теңге. Еуро 582 — 586 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 579 теңгеден сатып алынып, 586 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,13 - 6,29 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 30 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 512,32 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,29 теңге. Еуро — 582,92.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар